2026 жылы Алматының денсаулық сақтау саласына 367 млрд теңге жұмсау жоспарланған

2026 жылы оңтүстік астананың денсаулық сақтау саласы бюджеті 367,6 млрд теңгені құрап отыр. Оның 202,6 млрд теңгесі – МӘМС пакетіне, қалған 165 млрд теңгесі – тегін медициналық көмек пакетіне тиесілі. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалында хабарлады.
Айтуынша, МӘМС шеңберінде қаржыландыру деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 20% өскен.
«Биыл Алматы қаласы бойынша 218 медицина мекемесі Қормен келісімшарт бекіткен, оның 126-і – жекеменшік. Қормен жұмыс істеуге ниет білдірген жаңа клиникалар саны – 7. Олар негізінен емханалар мен стоматологиялық клиникалар. Кепілдендірілген тегін көмек және МӘМС пакеттері бойынша тапсырыс алған емханалар мен стационарлар тізімін Қордың msqory.kz ресми сайтынан табуға болады», — деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.
Алматылықтар бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 78 ұйымның (емханалардың) біріне, соның ішінде екі жаңа ұйымға тіркеле алады.
Еске салайық, 2026 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласында табыс деңгейі төмен азаматтар мен ресми түрде тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС-ке (ОСМС) жарналарды қала әкімдігі төлейтін болады. Бұл шара 62 мыңнан астам Алматы тұрғынын қамтиды.

Прозрачность, профессионализм и равные возможности для всех кандидатов

В Казахстане внедряется обновлённая система отбора на государственную службу....

Елім деген ер болса, ер деген ел болады

5 наурыз – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама...

ЗАКОН И ПОРЯДОК

Сегодня в Казахстане концепция «Закон и порядок» перестает быть...

Цифрландырудың сот төрелігіне қол жеткізуге әсері

Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда....

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»»

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі....