12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

2026 жылдан бастап салық төлемеген шетелдік платформалар бұғатталуы мүмкін

ҚҚС төлемеген шетелдік онлайн-компаниялар бұғатталуы мүмкін, себебі 2026 жылдан бастап жаңа ереже күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік интернет-компанияларға қатысты қосылған құн салығын (ҚҚС) әкімшілендірудің қазіргі нәтижелері, сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа шаралар туралы түсініктеме жасады.

Қазақстанда шетелдік интернет-платформаларға ҚҚС енгізілген сәттен бастап 116 компания шартты тіркеуден өтті. Бұл шара цифрлық экономиканың әлемдік ірі ойыншыларын салық өрісіне тартуға мүмкіндік берді, ​– деп атап өтті комитет.

2025 жылы 18 жаңа шетелдік компания тіркелді, бұл салықтық әкімшілендірудің қамту ауқымының өскенін көрсетеді. Олардың қатарында:

  • com – халықаралық онлайн-шахмат платформасы,
  • OpenAI, L.L.C. – жасанды интеллект сервисі ChatGPT әзірлеушісі және иесі,
  • Canva Pty Ltd. – халықаралық графикалық дизайн онлайн-платформасы,
  • «Окко» ЖШҚ – Ресейдің онлайн-телеарна және кино сервисі.

Аталған компаниялардың салық төлеушілер тізіміне енуі отандық және шетелдік цифрлық қызмет жеткізушілер үшін салық салуда тең жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін дәлелдейді.

Салық енгізілген күннен бастап шетелдік интернет-компаниялар Қазақстан Республикасының бюджетіне 111,6 млрд теңге төледі. Тек 2025 жылдың өзінде түсімдер 41,8 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткішпен (23 млрд теңге) салыстырғанда 18 млрд теңгеге көп, – деп түсіндірді ведомство.

2025 жылғы ірі салық төлеушілердің қатарына мыналар кірді:

  • Temu – 6,2 млрд теңге,
  • Valve Corporation – 5,3 млрд теңге,
  • Apple – 5,2 млрд теңге.

Бұл компаниялар бюджет кірістерін қалыптастыруға елеулі үлес қосты, бұл цифрлық сектордың ұлттық экономика үшін маңыздылығын айқындайды.

Сондай-ақ, Қазақстан бюджетіне салық төлей бастаған жаңа шетелдік интернет-компаниялардың ішінде ерекше атап өтуге болады:

  • Next Retail Ltd. – халықаралық онлайн-киім және аксессуарлар ритейлері, 283 млн теңге төледі,
  • com – ең ірі сауда интернет-платформасы, 142 млн теңге төледі.

Аталған компаниялардан түскен салық түсімдері трансшекаралық электрондық сауданың барған сайын көбірек қатысушыларын қамтитынын көрсетеді.

Салық тәртібін күшейту және адал салық төлеушілердің мүдделерін қорғау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа шаралар енгізіледі. Атап айтқанда:

  • ҚҚС төлеуден жалтарған немесе шартты тіркеу міндетін орындамаған шетелдік интернет-компанияларға Қазақстан Республикасының аумағында бұғаттау шаралары қолданылады,
  • мұндай компаниялардың тізімі уәкілетті органмен қалыптастырылып, ресми интернет-ресурста ашық түрде жарияланады.

Министрліктің мәліметінше, аталған шараларды қабылдау әділ бәсекелестік ортасын қалыптастыруға, бизнес жүргізу үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге және Қазақстанның цифрлық экономикасын одан әрі дамытуға бағытталған.

2025 жылы ипотекамен үй алу үшін айлығыңыз қанша болуы керек

Қазақстанда нарықтық ипотека мөлшерлемелері әлі де жоғары болып отыр, яғни жылдық мөлшерлеме 20%-дан асады. Ал "Отбасы банктегі" жеңілдетілген бағдарламалар қолжетімдірек болғанымен, онда тұрақты ресми табыс талап етіледі.

Қазақстандағы ломбардтар банктерден де көп табыс тапты ма?

Қазақстандағы ломбардтардың капиталы бір жыл ішінде 80%-ға жуық өсіп, 334 миллиард теңгеге жетті. Алайда сектордың өсуімен қатар бақылау да күшейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаражаттың шығу тегін және заңнаманың сақталуын қатаң қадағалауда.

МӘМС-ке төлеген ақшаны шешіп алуға бола ма?

Бұл сұрақ ай сайын еңбекақысынан жарна төлеп жүрген көптеген азаматты мазалайтыны жасырын емес. Көпшіліктің ойында: "Мен бұл жүйені пайдаланбасам, неге ақшамды қайтарып ала алмаймын?" деген күмән да жоқ емес. Көптің көкейін тескен сауалға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов жауап беріп, жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Қарлы боран, көктайғақ: 11 облыста дауылды ескерту жарияланды

Бүгін, 5 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының күрт нашарлайды.

Қазақстанда 10 жаңа су қоймасы салынады

Биыл жыл аяғына дейін ұзындығы 103 шақырымнан асатын 5 каналды реконструкциялау жобасын аяқтау жоспарланып отыр.