12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

2026 жылдан қандай өзгерістер күшіне енеді?

2026 жыл Қазақстанның зейнетақы жүйесі үшін бетбұрыс кезең болмақ. Бірнеше жыл бойы талқыланып келген өзгерістер енді толық күшіне еніп, азаматтардың жинаққа қолжетімділігі мен оны пайдалану тәртібіне де өзгерістер енгізілмек. 2026 жылы қандай жаңа мүмкіндіктер ашылатынын, қандай талаптар күшейтілетінін саралап көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа жылдан бастап зейнетақы жинағын пайдалануда тұрғын үй мәселесін шешуден бастап медицинаға дейінгі барлық бағытқа әсер ететін түрлі жаңалықтар болмақ.

Биыл қандай өзгерістер орын алды?

1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасы мөлшері 2,5%-ға көтерілді. Және белгіленген ең төмен жинақ шегінің сомасы өзгеріссіз қалды. Ал жыл соңында зейнетақы жинағын ипотеканы төлеуде қолданудың ережесі нақтыланды.

2026 жылы не өзгереді?

Шілдеде қабылданған жаңа Салық кодексіне байланысты келесі жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері мен біржолғы төлемдер үшін индивидуалдық табыс салығы алынбайды. Бұл зейнетақы жинағын пайдалануды одан әрі тартымды етпек. Бұрын біржолғы алынған қаражаттан 10% жеке табыс салығы ұсталып келгені белгілі. Бұл тұрғын үй үшін де, емдеу үшін де, инвестициялық компанияларға аудару кезінде де азаматтарға қосымша қаржылық ауыртпалық түсіретін. Бұл қоғам қызу талқылап отырған мәселелердің бірі.

Сондай-ақ зейнетақы жинағын ерте пайдалану тек жеткіліктілік шегінен асқан бөлікке рұқсат етіледі. 2026 жылға арналған жаңа шектерді Үкімет жыл соңында жариялайды деп күтілуде.

Сарапшылардың болжауынша: инфляция мен жалақы өсіміне байланысты шек сәл жоғарылауы мүмкін. Бұл — көп азамат үшін қолжетімді соманың азаюына әкелуі ықтимал. Алайда жаңа салықсыз режим бұл салмақты белгілі бір деңгейде теңестіреді. Егер шек қатая түссе, жинақты ерте пайдалану «барлығына қолжетімді мүмкіндік» емес, нақты қаржылық жоспарды қажет ететін қадамға айналады.

Тұрғын үйге арналған төлемдер: ипотека ережелері нақтыланады

Соңғы жылдары зейнетақы жинағын ең көп қолданатын бағыт – тұрғын үй болып отыр. Келер жылы бұл салада да біршама өзгерістер болады деп күтілуде.

  • Зейнетақы қаражаты ипотеканың негізгі қарызын өтеуге ғана бағытталады.
  • Пайыздар мен айыппұлдарды төлеуге қаражат жұмсау мүмкін болмайды.
  • Бір үйді сатып алуда бірнеше отбасы мүшесінің жинағын біріктіру тетігі сақталады.
  • Жинақты құрылыс салуға, жер учаскесі алуға, үйді жөндеуге пайдалану ережелері өзгеріссіз қалады.

Медицина саласы: жаңа жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін

Зейнетақы жинағын медициналық қызметке жұмсау бұрыннан бар еді. Тек биыл стоматологиялық қызметтерге жұмсау тоқтатылды. Ал қалған салаларда зейнетақы жинағын сирек кездесетін ауруларды емдеу,жоғары технологиялық операциялар, кардиология, онкология, ЭКО жасату, протездеу, оңалту секілді салаларға пайдалана аласыз.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл тізімде кеңейту мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан еді.

Жұмыс беруші жарналары: жинақ көлемі жылдам өседі

2026 жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары жүйесі толық күшіне енеді. Бұл:

• әр қызметкердің шотына қосымша 5%-дық жарна түсуін қамтамасыз етеді;

• орта мерзімде жинақ көлемін едәуір арттырады;

• азаматтардың ерте пайдалану мүмкіндігін көбейтеді.

2026 жыл қазақстандықтар үшін зейнетақы жинағын «қарттыққа дайындық» құралы ғана емес, өмір сапасын қазір және дәл қазір жақсартатын қаржылық ресурс ретінде қолдануды үйрететін жыл болмақ.

Түркістан облысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметі алаңына келіп өңірдің дамуы туралы айтып берді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан...

Решая насущные задачи

В СЕНТЯБРЬСКОМ ПОСЛАНИИ НАРОДУ КАЗАХСТАНА «КАЗАХСТАН В ЭПОХУ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА: АКТУАЛЬНЫЕ ЗАДАЧИ И ИХ РЕШЕНИЯ ЧЕРЕЗ ЦИФРОВУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ» ГЛАВА ГОСУДАРСТВА ОБРАТИЛ ВНИМАНИЕ НА ПРОБЛЕМЫ В СФЕРЕ МОДЕРНИЗАЦИИ ЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОЙ ИНФРАСТРУКТУРЫ. ПО ЕГО СЛОВАМ, ИЗ-ЗА БЕЗДЕЙСТВИЯ ПРАВИТЕЛЬСТВА И МЕСТНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЬНЫХ ВЛАСТЕЙ НА ПРОТЯЖЕНИИ ДЕСЯТИЛЕТИЙ ЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОЕ ХОЗЯЙСТВО СТРАНЫ ПОСТЕПЕННО ПРИШЛО В КРИТИЧЕСКОЕ СОСТОЯНИЕ.

Зейнетақы жинағы: қанша және қалай алуға болады?

Тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге ақы төлеу үшін БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) қалай алуға болады? Қандай шектеулер бар, өтінішті қайда беру керек, ЖТС қалай есептеледі?

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

резидент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджет туралы заңға қол қойды.

Елімізде -35°С аяз болады

Қазақстанға қатаң аяз келуде: синоптиктер 9-11 желтоқсан аралығында елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде температура -35°С-қа дейін төмендейтінін ескертеді.