2026 жылғы мерекелер: қазақстандықтар қанша күн демалады?

2026 жылы қазақстандықтар қалай демалатын болды? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелік және ауыстырылған демалыс күндері көрсетілген өндірістік күнтізбені жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2026 жылғы мерекелік күндер тізімі өзгеріссіз қалды. Бұған дейін 1 маусым – Балаларды қорғау күнін демалыс ету ұсынылғанымен, қабылданбады.

Қазақстандағы 2026 жылғы мерекелік, жұмыс істемейтін күндер тізімі

Мемлекеттік мерекелер:

• Жаңа жыл – 1-2 қаңтар;
• Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;
• Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;
• Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр;
• Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
• Жеңіс күні – 9 мамыр;
• Астана күні – 6 шілде;
• Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз;
• Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.

Ұлттық мереке:

• Республика күні – 25 қазан.

Екі діни мереке:

• Рождество – 7 қаңтар;
• Құрбан айттың бірінші күні – 2026 жылы 27 мамырға түседі.

Алайда келесі жылы мемлекеттік мерекелердің шамамен жартысы демалыс күндеріне сәйкес келеді. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында мынадай ауыстырулар жасалады:

• 8 наурыз жексенбіге түскендіктен, демалыс 9 наурызға ауыстырылады;
• 21 наурыз сенбі – демалыс 24 наурызға;
• 22 наурыз жексенбі – демалыс 25 наурызға;
• 9 мамыр сенбі – демалыс 11 мамыр дүйсенбіге;
• 30 тамыз жексенбі – демалыс 31 тамызға;
• 25 қазан жексенбі – демалыс 26 қазанға ауыстырылады.

Алты күндік жұмыс аптасында:

• 8 наурыздан 9 наурызға;
• 22 наурыздан 24 наурызға;
• 25 қазаннан 26 қазанға ауысу қарастырылған.

7 қаңтар мен 27 мамыр 2026 жылы жұмыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, Рождество мен Құрбан айттың бірінші күні де жұмыс істемейтін күндер болады.

Еске сала кетейік, келесі аптада қазақстандықтарды 2025 жылғы соңғы мерекелік демалыс күтеді – 16 желтоқсанда атап өтілетін Тәуелсіздік күні.

Құрылтай сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады

Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өтетін күні, қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болатынын мәлімдеді.

2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 

Толық емес отбасы тұрғын үй кезегіне тұрып, жалдамалы баспана, жалдау ақысын субсидиялау, жеңілдетілген ипотека немесе тұрғын үй сертификаты сияқты қолдау тетіктерін пайдалана алады

Қазақстанға тұрақты тұруға келетіндер саны азайған 

Қазақстанға тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарының басым бөлігі көршілес мемлекеттердің тұрғындары.

Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы тағайындалады 

Жаңа марапаттар музыка және бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Алдағы төрт жылда қай салаларда жалақы өседі? 

Ұлттық экономика министрлігі жалақыны арттыруға бағытталған шаралар бірқатар саланы қамтитынын хабарлады.