12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

2024 жылы кімдердің жалақысы өседі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері 2024 жылы кімдердің жалақысы қалай өсетініне жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz-ке берген ведомствоның ресми жауабында министрлік еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеуді реттейтіні айтылады. Олардың еңбегіне ақы төлеу жүйесі мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың барлық қызметкері үшін бірыңғай саналады.

«Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық міндеттеріне түзету коэффициентін қолдану арқылы азаматтық қызметкерлердің жекелеген санаттарының (педагогтерді, медициналық және әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды», — делінген жауапта. 

2022 жылы бұл коэффициенттің мөлшері 1,23 болса, 2023 жылы 1,45-ке жетті. 2024 жылы ол 1,71-ге, ал 2025 жылы 2,0-ге дейін көтеріледі. Осылайша, төрт жыл ішінде азаматтық қызметкерлердің жалақысы екі есеге өседі.

Сондай-ақ, министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін (ЕТЖ) 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланғанын хабарлады.

Министрліктің болжамына сәйкес, осыған орай меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындарда барлық салада жұмыс істейтін 1,8 миллионға жуық жалдамалы қызметкердің табысы өседі.

gov.kz мәліметіне сүйенсек, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде штаттық лауазымды атқаратын адамдар азаматтық қызметкерлер саналады.

Рост цен – под контролем?

В ПРАВИТЕЛЬСТВЕ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ИНФЛЯЦИИ ЗА ПЕРВОЕ ПОЛУГОДИЕ 2025 ГОДА. КАБМИН ПРЕДПРИНИМАЕТ МЕРЫ ДЛЯ СДЕРЖИВАНИЯ ЦЕН И СМЯГЧЕНИЯ ТАРИФНОЙ НАГРУЗКИ.

Ұлт мүддесін емес, ата-бабасын дəріптеуге ұмтылатындар бар

2021 жылы 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді. Онда Президент халқымыздың тарихи санасын жаңғырту айрықша маңызды екеніне ерекше назар аударды.

АЙЛЫҚТЫҢ АЗДЫҒЫНАН КӘСІБИ МАМАНДАР СОТ САЛАСЫНАН КЕТУГЕ МӘЖБҮР

Сот жүйесі қоғамдағы əділеттілікті қамтамасыз ету міндеті жүктелген маңызды институт. Бұл жүйенің тиімді жұмыс істеуі қоғамның құқықтық мəдениетін, заңға деген сенімін жəне құқықтық тəртіптің нығаюын қамтамасыз етуге негіз болады. Дегенмен, сот жүйесі алдында бірқатар шешімін таппаған мəселелер тұр, олардың ішінде тіл мəселесі, аудармашылардың тапшылығы, сот қызметкерлерінің əлеуметтік жағдайына қатысты сұрақ көп.

Елімізде 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

Қазақстанда 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

eGov толығымен жаңартылады. Не өзгереді?

Қазақстан eGov.kz-тің жаңа моделіне көшеді. Жаңа нұсқа туралы мәліметтерді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынды.