2024 жылдың алғашқы көшпелі Әдеп жөніндегі кеңесі өткізілді

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің  Әдеп жөніндегі кеңестің 2024 жылдың алғашқы көшпелі отырысы өткізілді.

Көшпелі отырыс Алматы қаласы Әділет департаментінің ғимаратында өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, Кеңестің отырысында 2023 жылдың қортындысы бойынша Алматы қаласының мемлекеттік органдардың тәртіптік және әкімшілік тәжірибесіне жүргізілген талдау қорытындылары талқыланды.

Алматы қаласының жалпы мемлекеттік қызметшілер санынан 785-і немесе 20% тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы анықталды. Негізінен мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тартылған.

Әкімшілік тәжірбиесіне жүргізілген талдау қорытындысы рұқсат беру мемлекеттік қызметтерін көрсету мерзімдері мен тәртібін бұзғаны үшін 76 әкімшілік хаттама толтырылғанын көрсетті. Бұзушылықтар басшылық тарапынан да, орындаушылық құрам тарапынан да жасалғандығы анықталды.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен мемлекеттік органдарға бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нақты тиісті ұсыныстар әзірленді.

Сондай-ақ, Кеңесте  қызметтік әдеп нормаларын ұстанбау фактісі  бойынша тәртіптік іс қарастырылды. Оның нәтижесінде Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандартын бұзғаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы – Л.Н. Науқанбай

«АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫ»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРҒА БІЛІМ МЕН ҚОЛДАУ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Senim Qogamy» қоғамдық...

ҚАЗАҚСТАНДА БОЛАШАҚ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАЙДЫ

Үйлену тойына әдетте жан-жақты дайындалады, оның ішінде шығындарды есептейді,...

АКАДЕМИЯ РОДИТЕЛЕЙ»: ЗНАНИЯ И ПОДДЕРЖКА ДЛЯ СЕМЕЙ КАЗАХСТАНА

Министерством культуры и информации Республики Казахстан совместно с ОО...

В КАЗАХСТАНЕ БУДУЩИХ СУПРУГОВ БУДУТ ГОТОВИТЬ К СЕМЕЙНОЙ ЖИЗНИ

К свадьбе обычно готовятся подробно, в том числе рассчитывают...

Сот саласындағы қазақ тілі

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық...