2023 жылы Қазақстанда зейнет жасы төмендеуі мүмкін

Келесі жылы Қазақстанда зейнетақы жасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет кулуарында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV-ға сілтеме жасап.

Бұл мәселе 2022 жылдың соңында шешіледі. Әзірше Қазақстанда ерлердің зейнет жасы 63, әйелдердің қазіргі уақыттағы зейнет жасы — 60,5, одан әрі 2027 жылы 63 жасқа дейін біртіндеп артады.

«Әлеуметтік кодекс аясында осы мәселелердің барлығын талқылаймыз. Жыл соңына дейін шешеміз», — деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Елімізде тұмаудың қай түрі өршіп тұр?

Министрліктің мәліметінше, кейінгі бір аптада елімізде ЖРВИ жұқтырудың 133 052 жағдайы тіркелген. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері 1 453 967 жағдай анықталған.

Қытай көліктері Қазақстан нарығын өзгертті: Отандық автоөндірісті не күтіп тұр? 

Қытайлық брендтердің бәсекесі күшейген тұста Қазақстан автоөнеркәсібін не күтіп тұр және отандық өндіріс қалай дамуы мүмкін?

Дәмханалар мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады 

Жүйе мекемелерде қай әннің қанша рет орындалғанын тіркеп, авторлар мен орындаушыларға тиесілі сыйақыны есептеуге мүмкіндік береді.

Қар аралас жаңбыр жауады: Қазақстанның алты өңірінде жол жағдайы күрделенуі мүмкін 

25 қарашада Қазақстанның алты облысында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Осыған байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 3G желісі толық өшіріледі

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 3G мобайл байланыс желісін толық өшіріп, оның орнына 4G желісін дамыту жоспарланып отыр.