2023 жылы қанша министр, вице-министр және әкім жемқорлық үшін сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандық министрлер, вице-министрлер мен әкімдердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы мәліметтерді ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына жауап бере отырып, заңсыз шығарылған активтер мен қаражаттың қайтарылуы, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша 857 миллиард теңге залалдың өтелуі туралы айтты.

«2023 жылдың 10 айында статистикалық мәліметтерге сәйкес, 438 мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті немесе оларға теңестірілген тұлғалар немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын немесе лауазымды тұлғалар сотталды», — делінген ведомство хабарламасында.

Шенеуніктердің көпшілігі келесі деректер бойынша сотталғаны хабарланады:

  • жемқорлық – 201, пара алу – 161, пара беру — 28, пара беру делдалдығы — 12;
  • жымқыру – 169, алаяқтық – 127, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету – 42;
  • лауазымдық өкілетті теріс пайдалану — 43.

«Әдетте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары лауазымдар ұйымдық, бақылау және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру, жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі кең өкілетке байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған лауазымды тұлғалардың шамамен 45 пайызы әртүрлі деңгейдегі басшылар болып табылады», — деді Антикордағылар.

Антикор мәліметінше, жыл басынан бері 2 министр, 2 вице-министр, 15 ауылдан облыстық деңгейдегі әкімдер мен олардың орынбасарлары мен 169 басшы қызметіндегілер сотты болған.

Нақтылау сұрағына Tengrinews.kz тілшісіне мынадай жауап берілді:

  • бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов;
  • бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...

Қазақстанда жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады

Жеңілдетілген ипотека бағдарламасы Қазақстанда негізгі салалардың бірінің өкілдеріне арналған. Үкімет...

Атыраудағы түрмеде төбелес шыққан: сотталғандардың бірі көз жұмды

Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасында жанжал шығып, салдарынан бір...

Қандай жағдайда көлік айдап келе жатып телефон ұстауға болады? ІІМ түсіндірді

Қазақстанда жүргізушілерге рөлде отырып телефон қолдануға болмайтыны ескертілді, -...

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.