2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Дәл қазір Қытай астанасы — Бейжің қаласында 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтулы сынға әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар қатысады. Әлемдік спорттық додада спортшылар саны бойынша АҚШ, Ресей мен Канада көш бастап тұр. Мәселен, АҚШ-тан 223 адам дүбірлі додада бәсекеге түссе, Ресейден – 212, Канадан – 211 спортшы жарыс жолына шығады. Сондай-ақ Қытайдан 171 спортшы қатысады, одан кейінгі орындардағы Швейцариядан – 168, Германиядан – 148, Жапониядан – 122, Швециядан – 116, Чехиядан – 114, Италиядан – 112, Австриядан – 108, Финляндиядан – 96, Франциядан –85, Норвегиядан – 52, Ұлыбританиядан – 50, Украинадан – 45, Австралиядан – 44, Оңтүстік Кореядан – 38, Қазақстаннан – 34, Беларусьтен – 28 саңлақ ел намысын қорғайды. Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түседі. Мамандардың айтуынша, қазақстандық спортшылар фристайл-могул, фристайл-акробатика, шорт-тректе жүлде қорын толықтыруы мүмкін.

Ақ Олимпиаданың ашылу салтанаты «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» арналарынан көрсетілуде.


ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКСАУМАҚТЫҚ СОТТЫЛЫҚ

2025 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Берік отбасы – берекелі қоғамның негізі

Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Әрбір...

Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған нақты қадамар

Еңбекпен қамту – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. Халықты тұрақты жұмыспен...

Еңбек құқығы Конституциямен қорғалған

Еңбек адамын қадірлеу әділ қоғам құрудың басты шарттарының бірі...

Демографияны көтеру басты басымдықтың бірі

 ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ХАЛЫҚ САНЫНАН, ЯҒНИ, ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСІМНЕН БӨЛІП ҚАРАЙ...