2020 жылы ел бюджетіне 14 триллионнан аса кіріс түсті

Еліміздің мемлекет бюджетіне бір жылда 14 триллион теңгеден аса кіріс түсті. Салық түсімдері мемлекеттік кірістің тек 59 пайызын көрсетеді, бір жыл бұрын 72 пайыз болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

2020 жылғы қаңтар–желтоқсанда мемлекеттік бюджет кірісі — 14,5 триллион теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,8 пайызға артық. 2019 жылы осы кезеңде бюджетке бір жыл ішінде 12,8 триллион теңге түскен.

Трансферттерді есепке алмағанда ел бюджетіне 9,8 триллион теңге түсті. Жоспардың 102,7 пайызы орындалды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 6,6 триллион теңге (жоспар 100,3 пайызға орындалды), жергілікті бюджеттен 3,2 триллион теңге (жоспар 108 пайызға орындалды) түсті.

Мемлекет бюджетіне салық төлемдерінен 59 пайыз, 8,6 триллион теңге кіріс кірді. Бұл жыл көрсеткішімен салысырғанда 7,1 пайызға аз. 7,3 пайызы салықтан бөлек түсімдер (1,1 триллион теңге) және 0,9 пайызы негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерден (126,7 миллиард теңге) келді. Трансферттер үлесіне кірістердің 32,8 пайызы немесе 4,8 триллион теңге тиесілі.

Жергілікті бюджет бойынша кіріс жоспары іс жүзінде елдің барлық өңірінде нормадан жоғары орындалды. Маңғыстау облысын қоспағанда жоспар 95 пайызға орындалғаны хабарланды.

Былтыр 10,4 триллион теңге сомасына, мемлекеттік сатып алу бойынша 1,4 миллионнан аса келісім жасалды. Тексеру қорытындысы бойынша 983 миллиард теңгеге заңбұзушылық болғаны ескертілді. Аудитпен қосқанда бір триллион теңгеден аса бюджет қаражаты қамтылды.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...