18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай «Ұлттық киім – халық қазынасы» тақырыбында шеру ұйымдастырылды.

Әр ұлтты ерекшелендіретін – оның дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны сияқты, әр халықтың да өзіндік қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы мен салт-санасы бар. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол жай ғана киім емес, тұтас ұлттың болмысын, тарихы мен мәдениетін айқындайтын құндылық.

Осыған орай №79 мекемесінің ұжымы арасында 18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне арналған «Ұлттық киім – халық қазынасы» тақырыбында шеру ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлттық киім үлгілерін кеңінен насихаттау, ұлттық киім мәдениетін жаңғыртып, оны қазіргі заман талабына сай дәріптеу.

Жалпы, қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтардың киімдеріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерімен, көшпелі өмір салтына сай қалыптасқан. Қазақы киімнің сәні мен көркі оның ою-өрнектерінде, әшекейлерінде айқын көрінеді. Әрбір өрнекте халқымыздың тарихы мен дүниетанымы бейнеленген.

Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жоғалтпай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде сақталып келе жатқан ұлттық киімдеріміз әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, қазақ киімдері етек-жеңі кең, қарапайым, күнделікті тіршілікке бейімделген, дене сымбатын айқындайтын сәнді болып келеді.

Сондықтан ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өткізіліп отырған «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...