18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», — делінген хабарламада.

Тек республиканың шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болып, елдің оңтүстігінде жел күшейіп, тұман түседі.

Түнде Жетісу облысы мен Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -22-24, күндіз -13-15 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -5-7 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -13-15 аяз, күндіз -1+1 градус болады.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...