16 жасқа толмаған балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салынды

Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалым мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және әлеуметтік байланыстарына шектеудің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе деп бағалап отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет әлеуметтік желілер жастарға зиян дейді. Бұл ұйқысыздыққа әкеледі, зиян контентке қолжетімді болады. 

Әлеуметтік желілердің жасөспірімдерге ықпалы туралы нақты жауап алу үшін кейбір зерттеушілер жобаларын бастап кеткен.

Мысалы, Мельбурндегі Мердок институтының өкілі Сьюзан Сойер тыйым енгізілердің алдында 177 жасөспірімге сауалнама жүргізген және психикалық денсаулыққа әсерін бағалау үшін 6 айдан кейін сол сауалнаманы қайта өткізбек.

Квинсленд технологиялық университетінен Дэниел Ангус тыйымды айналып өту тәсілдерін және оның кейінгі ғылыми зерттеулерге ықтимал салдарын бақылап отыр.

Материалда кей сарапшылардың жанама әсерлерден қауіптенетіні де айтылады: тыйым жасөспірімдерді қорғаныс тетіктері бар платформалардан ығыстырып, зиянды контентті бақылауды қиындатуы мүмкін.

Басқа елдер (Франция, Дания, Испания) да ұқсас шектеулер енгізіп жатыр, бірақ Аустралиялық тыйым — ең ауқымдысы. Интернеттегі қауіпсіздік жөніндегі тәуелсіз уәкіл Джули Инман Грант және бір топ ғалым тыйымның балаларға әсерін екі жыл бойы бағалайды: оған сыртта өткізетін уақыт, құрдастарымен байланыс және дезинформацияға төзім сияқты көрсеткіштер кіреді.

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.