15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

15 сәуірге дейін банктер салық органдарына қазақстандықтардың 2026 жылдың І тоқсанындағы мобильді аударымдары туралы мәлімет тапсырады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осы деректер негізінде күмәнді жағдайлар анықталса, азаматтарға арнайы хабарлама жіберіледі.

Маңыздысы — бұл бірден айыппұл емес. Хабарламаға жауап беру үшін 30 жұмыс күні беріледі:

• келіссеңіз — салық есебін тапсырып, төлем жасап немесе тиісті режимге өте аласыз;

• келіспесеңіз — түсініктеме беруге құқығыңыз бар.

Егер хабарлама еленбесе немесе дәлел жеткіліксіз болса, онда ғана тексеру басталуы мүмкін.

2026 жылдан бастап тексеру тек мына 3 шарт бірге орындалғанда жүргізіледі:

• 3 ай ішінде 100-ден астам адамнан ақша түссе

• аударымдар қатарынан 3 ай бойы қайталанса

• жалпы сома 12 ең төменгі жалақыдан (1 020 000 ₸) асып кетсе

Айта кету керек, туыстар мен достар арасындағы қарапайым аударымдар бұл талаптарға кірмейді.

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Қазақстанда ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді. Банктер енді қарыз алушыларды бұрынғыдан да мұқият тексеріп, әр клиентке жеке тәсілмен баға береді.

Теңге нығаюы – уақытша құбылыс па? АДБ сарапшысы Қазақстан экономикасына әсер ететін негізгі факторларды атады 

Қазақстанда соңғы айларда теңге күшейгенімен, оның ұзақмерзімді трендке айналатынына нақты кепіл жоқ.

Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын қоршауға алу туралы мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр.

Жастарға 5 мың теңгелік пәтер берілмейді: Баспана алатындарға енді қандай мүмкіндік бар

Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтады. Енді баспана алу қалай өзгереді.

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...