15 маусымға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 15 маусымда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын болжады — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 36-38 градус жылы.

Түркістан облысында тауларда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыс жел 8-13, күндіз облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, таулы аудандарда 17, күндіз 34-39, облыстың шөлді аудандарында 42 градус ыстық.

Күндіз Қостанай облысының батысында аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 24-29, облыстың оңтүстігінде 32 градус жылы.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында 15-20, екпіні 23. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың таулы аймақтарында 14, күндіз 32-37, облыстың таулы аймақтарында 29 градус ыстық.

Қазақстанның басқа өңірлерінде жауын-шашынсыз, өтпелі жел соғады.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...