1414 байланыс орталығы 1-маусымнан бастап медициналық сақтандыру мәселелері бойынша консультация бере бастайды

Қазақстандықтар бүгіннен бастап медициналық сақтандыру және медқызметке қатысты консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады. Бұған дейін бұл қызметті Медициналық сақтандыру қоры жанындағы 1406 байланыс орталығы атқарып келген болатын.
МСҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, бұл шара халыққа қызмет көрсету аясын кеңейтіп, оператор аздығынан жауап берілмей қалған қоңыраулар санын қысқарту мақсатында қолға алынып отыр.
«Бұған дейін тұрғындар 1406 нөміріне хабарласып, медициналық сақтандыру, денсаулық сақтауға қатысты тегін консультация ала алатын. Сонымен қатар, медициналық көмек сапасына қатысты өтініш-шағымдар да осы байланыс арнасы арқылы қабылданып келді. 1-маусымнан бастап бұл қызметті 1414 байланыс орталығы көрсете бастайды. Себебі ондағы операторлар штаты үлкен және орталықтың техникалық мүмкіндіктері жоғары. Орталықтың бір уақытта көптеген қоңырауларды қабылдауға мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде абоненттердің оператор жауабын күтуге кететін уақытын бірнеше минуттан бір минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді», — деді Тілеухан Әбілдаев.
Өтініштерді бұрынғыша Қордың Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-бот (@SaqtandyrýBot) пен ресми веб-сайты арқылы да жолдауға болады.
Бір айта кетерлігі, 1414 операторлары күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі....

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын жүйелі мәселелер қалай шешілуде?

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан...

Deepfake дәуірі: Синтетикалық аккаунттар

Бұрын әлеуметтік желідегі парақша артында нақты адам отырады деп...

Столкнулись с проблемами при получении государственной услуги?

В целях защиты прав граждан и повышения качества оказания...

Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба?

Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру...