14 жастан асқан оқушыларға жұмыс істеуге рұқсат етіле ме?

Әлеуметтік желіде жазғы демалыста оқушылар мен студенттер арнайы жұмыс істей алатыны жазылған. Бұл бастама арқылы 14 жастан асқан жасөспірімдер онлайн түрде түйіндеме жариялап, өздеріне сәйкес бос жұмыс орындарын өз бетінше іздей алады. Дегенмен осы сауалға орай халық арасында көптеген күдіктер туындап, сенімсіз пікірлер жазылып жатыр. Factcheck.kz бұл ақпаратты тексеріп көрді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Enbek.kz сайтында расымен де «Менің жазғы каникулым» атты жаңа бөлім ашылғанын көруге болады. Сайттағы ақпаратқа қарасақ, 14 жасқа толған оқушылар оқудан бос уақытында жеңіл және қауіпсіз жұмыстарда, ал 15 жастан асқан оқушылар мен студенттер негізгі орта білімі болған жағдайда жұмысқа орналаса алатынына көз жеткізуге болады.

Платформаға енгізілген жаңа бөлім екі санатқа бөлінеді: жасөспірімдер мен студенттерге және жұмыс берушілерге. Сәйкесінше, жасөспірімдер мен студенттерге атты класын таңдап, қалаған жұмысына өтінім қалдыра алады. ҚР Еңбек Кодексінің, 31-бап, 2-тармағына сәйкес, 14 жасқа толған оқушылар оқудан бос уақытында жеңіл және қауіпсіз жұмыстарда, ал 15 жастан асқан оқушылар мен студенттер негізгі орта білімі болған жағдайда өз бетінше жұмыс істеуге құқылы. Алайда, 14 пен 15 жас аралығындағы балаларға ата-анасының көмегі міндетті түрде қажет. Ең алдымен, жұмысқа кірушінің ата-анасы Enbek.kz порталында баласы үшін жеке кабинет ашып, тіркелуден өтуі керек. Кейін, жасөспірімге кіру деректерін беріп, платформаны қолдануына ерік бере алады.  

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.