eGov.kz порталына кіру тәртібі өзгерді

eGov.kz порталына кіру шарттары 14 наурыздан бастап өзгереді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“14 наурыздан бастап eGov.kz порталының пайдаланушылары үшін логин/пароль және бір реттік смс-хабарлама арқылы кіру жеке-жеке қол жетімсіз болады”, – делінген сайт хабарламасында. 

Енді eGov.kz порталындағы деректер екі факторлы аутентификациямен қорғалады.

eGov.kz порталына кіру үшін пайдаланушылар:
 • логин / ЖСН енгізу;
 • құпиясөзді енгізу;
 • мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет. Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі.

Электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), биометрия және eGov mobile мобильдік қосымшасының көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы кіру аутентификация әдістері өзгеріссіз қалады.

Бұл нені білдіреді?

2FA немесе екі факторлы аутентификация – пайдаланушыны идентификациялау әдісі. Бұл әдіс арқылы сіз өзіңіздің аккаунтыңыздың иесі екеніңізді екі түрлі жолмен растауыңыз керек. Оның көмегімен сіздің деректеріңізге үшінші тұлғаларға қол жеткізу әлдеқайда қиын.

Порталдың қызметтерін пайдалану үшін Азаматтардың мобильді базасында тіркелген белсенді телефон нөмірі болуы керек. Нөміріңіз бұғатталған немесе тіркелмеген жағдайда 1414 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласыңыз немесе eGov.kz жеке кабинетіндегі нөмірді ауыстырыңыз.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.