Жер сілкіну және өрт шығу кезінде іс әрекет туралы қызметкерлерге түсіндірме жұмыстар жүргізілді

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментінің  №11 мекемесінде жеке құрам арасында төтенше жағдайдағы жер сілкіну және өрт шығу кезінде іс әрекет туралы қызметкерлерге түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

Іс шараға Алматы қаласы Жетісу аудандық ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Аманбеков Біржан Серікұлы: Жер сілкіну кезінде қарапайым қадамдарды түсіндіріп және өрттің шығуын алдын алу бойынша төтенше жағдай кезінде азаматтардың іс-әрекеті мен дабыл сөмкелері, қауіпсіздікті қаматамасыз ету туралы жеке құрам назарына жеткізілді. Сонымен қатар Жетісу аудандының азаматтық қорғау аға лейтенанты Мұхитов Нұртас жеке құрам қызметкерлеріне  өрттің шығу себебін, өрт болған жағдайда қандай  іс-әрекет жасау, сонмен қатар өрт сөндіргіш құралдардың дұрыс қолдану әдістерін түсіндірді. Өрт шыға қалған жағдайда дер кезінде өрт сөндірушілерге жылдам хабар жеткізілу туралы мәліметтер берді. Іс шара соңында  №11 мекеме бастығы әділет полковнигі  Сулейменов Алмат Битимбекович мекемедегі жазасын өтеп  жатқан сотталғандар кәмелет жасқа толмауына байланысты жеке құрам қызметкерлері төтенше жағдайлардың алдын-алу мен өрт қауіпсіздігінің алгоритимін білу міндетті екенін айтып өтті. Мекеме бастығы  №11 келіп оқу жаттығу өткізген Жетісу ауданынның төтенше жағдайларының мамандарына мекеменің жеке құрам қызметкерлерінің атынан алғыс білдірді.

№11 мекеме   Еркегүл Жеңісхан

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...