Биыл 8-13 қыркүйек аралығында Астанада этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыс – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден екі мыңнан астам адам қатысады. Ойындар үш бағытта, яғни спорт, мәдениет және ғылым бойынша өтеді.


