12 мамырда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері найзағай, жел және үсікке байланысты Қазақстанның 12 өңірінде ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні — 15 м/с.

Реклама

Батыс Қазақстан облысының облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні — 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі бар.

Шымкентте 12 мамырда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, орталығында найзағай. Күндіз облыстың орталығында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік жартысында тұман болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні — 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында — 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с-қа жетеді.

Павлодар облыстың оңтүстік-шығысында найзағай, түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік болады. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында түнде екпіні — 15 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні — 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі бар.

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...