Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында брифинг өтті

Бүгін Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы  бойынша Департаменті Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында 2023 жылғы сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Оған Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы  бойынша Департаменті басшысының орынбасарлары Е.Бөрібаев, М.Асанова және Қызылорда қалалық соты әкімшісінің басшысы Н.Дүйсенова қатысты.

Брифинг барысында департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев сот жұмысын ұйымдастыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, департаменттің негізгі қызметі – жұмысты жоспарлау, статистикалық деректердің, істердің жай-күйін талдау және болжау, бастысы нәтижелі қол жеткізу және басым міндеттерін шешу екенін, сот істері мен арыздардың тіркеуінен бастап, орындауға жолдап, мұрағатқа өткізуге дейінгі жұмыстардың барлығы департаменттің еншісінде екенін атап өтіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті.  

Келесі болып сөз алған басшы орынбасары М.Асанова сот қызметін қамтамасыз ету бағытында атқарылған шаралар және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының сақталуы, әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы бойынша баяндама жасап, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілердің арасындағы қоғамдық, спорттық шаралар жиі өткізіліп тұратынына тоқталды.

Қызылорда қалалық соты әкімшісінің басшысы Н.Дүйсенова «Сот кабинеті» электронды сервисінің сотқа жүгінушілер мен тараптарға өте қолайлы екенін, аталған сервисті пайдалану үшін электронды цифрлық қолтаңба болу керектігін, сол арқылы кез келген жерде жүріп, сот жүйесіне қатысты құжаттар жолдау, істерді қарау кестелері, сот ісін іздеу, мобильді бейнеконференция және бірнеше қызмет түрлерін емін-еркін пайдалануға болатынын атап өтті.

Конференция соңында Департамент басшысының орынбасарлары Е.Бөрібаев, М.Асанова және Қызылорда қалалық соты әкімшісінің басшысы Н.Дүйсенова БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...