11 облыста жүргізушілерге абай болу ескертілді

2025 жылдың 4 қарашасында еліміздің 11 облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. «ҚазАвтоЖол» жолда көктайғақ пен көрінудің нашарлауына байланысты жүргізушілерге сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2025 жылғы 4 қараша Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, СҚО, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, ШҚО және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі.

Қазақстан жемқорлық индексінде Орталық Азияны артта қалдырды 

Халықаралық рейтингте Қазақстан өңірдегі ең үздік нәтиже көрсетті. Алайда әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда жағдай қандай?

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Білім министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы бұйрықпен жаңа редакцияда педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидаларын бекітті.

Зейнетақы жинағын пайдалану шегі неге өсті? Қаржыгер түсіндірді

Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шекті өсіру қажет. Өйткені зейнетақы жинағы адамның болашақтағы зейнетақысын қамтамасыз етуге жеткілікті болуы керек.

Қазақстанның оңтүстігіндегі бір аудан ішімдік сатудан бас тартты

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында ауылдар ішімдік сатудан ерікті түрде бас тартты.

Филиппинде қуатты жер сілкінісі болды 

Жерасты дүмпулері Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында тіркелген.