11 қарашадан бастап Алматы мен Қонаев арасында электр пойызы қатынайды

11-қарашадан бастап Алматы мен Қонаев қаласы арасында электр пойызы қатынайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Электр пойызы тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келеді. Ал Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келеді. Электр пойызы құрамында жалпы жолаушылар сыйымдылығы 175 орын болатын 3 вагон бар. Тасымалдауды «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асырады», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Мемлекет басшысы жаңа пойыз бағытын ашу туралы тапсырмасын 19 қазанда Алматы облысына жасаған сапары аясында берген болатын.

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...