12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

11 қаңтарда ауа райы қандай болады?

11 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде Арктикалық антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық антициклон әсер етеді және аязды ауа райы болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауып, жел күшейіп, бұрқасын, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін», — делінген Қазгидромет хабарламасында.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде өте қатты аяз болады — 40-41 градус, Маңғыстау облысында өте қатты аяз — 25 градус сақталады, Ақмола облысында қатты аяз — 40 градус, Қарағанды облысында қатты аяз — 35-38 градус, Ақтөбе облысында қатты аяз — 35-36 градус, Атырау облысында қатты аяз — 30 градус, Түркістан облысының солтүстігінде қатты аяз — 25-27 градус, Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз 25 градус болуы мүмкін.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта аздап қар жауады. Батыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -35-37, күндіз -26-28 градус болады.

Алматыда күн бұлтты, кейде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -10-12 градус болады, күндіз одан әрі төмендейді.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең кей жерлерде қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстіктен секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -8-10 градус болады.

Легендарный судья-фронтовик

МУЗЕИ, АРХИВЫ И ДРУГИЕ ЦЕНТРЫ КУЛЬТУРЫ АКТИВНО ИСПОЛЬЗУЮТ СВОЙ...

Голос манипуляции: не стать жертвой мошенников

ТЕЛЕФОННОЕ МОШЕННИЧЕСТВО – ЭТО НЕ ТЕХНИЧЕСКОЕ ПРЕСТУПЛЕНИЕ В КЛАССИЧЕСКОМ...

Судопроизводство в эпоху цифровизации 

На юридическом факультете Казахского национального университета имени аль-Фараби состоялась...

Из детдома — в кошмар

Семья из Каркаралинского района Карагандинской области шесть лет подвергала...

Семей қаласындағы қарттар үйінің тұрғындарына мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды

9 мамыр мерекесімен №21 мекеме қызметкерлері Семей қаласындағы қарттар...