12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

1 желтоқсаннан бастап не өзгереді?

Елімізде 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді? BAQ.KZ тілшісі желтоқсанда болатын өзгерістердің тізімін назарларыңызға ұсынады.

Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан – қазақ тарихындағы ең бір елеулі дата. Ол — Тәуелсіздік күні.

Қазір 16 желтоқсан ұлттық мереке болып есептелмейді. Бұл мәртебе 25 қазан – Республика күніне берілген. Дегенмен 16 желтоқсанның символикалық мәні мен тарихи маңызы сондықтан солғын тартып қалған жоқ.

Желтоқсанда неше күн демаламыз?

Желтоқсан айында 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 8 күн, ал 6 күн жұмыс істейтін азаматтар 4 күн демалады.

Желтоқсан айындағы басты мереке 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні сейсенбіге келіп тұр. Мерекеге орай қазақстандықтар 16 желтоқсан бір күн демалады.

31 желтоқсан жұмыс күні екенін естен шығармаймыз.

Желтоқсан жылы болады

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстан үшін «ара-тұра ауысып тұратын» күрт континенталды климат жай ғана сөз емес, нақты сипаттама. Өйткені еліміз құрлықтың дәл ортасында орналасқан әрі батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан аумағы үлкен. Сондықтан бізге барлық синоптик үдерістері әсер етеді. Қазір, әсіресе сәуір айындағыдай, жылы ауа ағыны белсенді түрде оңтүстіктен келе бастайды. Бірақ сонымен қатар арктикалық суық та жиі басып кіреді. Соның салдарынан жарты тәуліктің ішінде ауа температурасы 10–20 градусқа өзгеріп кетуі мүмкін. Бұл суық ауа ағымы тіпті еліміздің оңтүстігіне дейін жететін кездері болады.

Жалпы алғанда, желтоқсан айы жылы, жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп күтіледі.

Кім кәсіби мерекесін атап өтеді?

Желтоқсандағы кәсіби мерекелер тізімі осылай:

  • Адвокатура күні – 5 желтоқсан
  • Прокуратура күні – 6 желтоқсан
  • Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні – 13 желтоқсан
  • ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні – 20 желтоқсан
  • Мұрағатшы күні – 22 желтоқсан

Оқушылар каникулға кетеді

Оқу жылының кестесіне сәйкес, екінші тоқсанда 8 оқу аптасы бар.

Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады.

Қазақстандықтар автолизинг рәсімдей алады

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда азаматтар үшін автолизинг қолжетімді болмақ. Бұған дейін бұл мүмкіндік тек компанияларға ғана ұсынылған еді. Енді жеке тұлғалар жеңіл автокөліктерді лизингке ресімдеп, кейін оны толық сатып ала алады немесе көлікті кері тапсыра алады.

Тағы да жаңа рейс ашылады

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа авиамаршруттар мен Жібек жолы бойынша бірлескен турлар ашады.

1 желтоқсанынан бастап SCAT әуекомпаниясы Түркістан – Бұхара, Түркістан – Үргеніш (Хиуа) және Түркістан – Самарқанд бағыттары бойынша тұрақты ұшады. Рейстер әр бағыт бойынша аптасына үш рет орындалады.

Шымбұлақ ашылады

Шымбұлақта қысқы маусым 7 желтоқсанда ресми түрде ашылады. Биыл негізгі жалға беру аумағы мен маусымдық локерлер Медеу базалық станциясына ауыстырылған. Ал Шымбұлақ станциясында келушілер заттарын күнделікті форматта сақтай алатын арнайы ұяшықтар жұмыс істейді.

Тұрғын үй көмегі қайта есептеледі

2 желтоқсанынан бастап елде тұрғын үй көмегін есептеудің жаңа қағидалары күшіне енеді. 

Жаңартылған ережелер коммуналдық қызметтердің тұтыну нормаларын қайта қарауды қамтиды. Дәл осы нормалар негізінде мемлекет отбасының қанша мөлшерде көмек алуға құқылы екенін есептейді.

Жаңа нормалар есептеулерді барынша ашық әрі нақты тұтынуға жақындату үшін енгізілді. Әсіресе, коммуналдық жүйеге жүктеме әртүрлі болатын өңірлерге маңызды.

“Наурыз” өтініш қабылдау тоқтайды

Елімізде 3 қарашада “Наурыз” тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталған болатын. Өтініш қабылдау 1 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Еске салсақ, бағдарлама аясында қазақстандықтар алғашқы тұрғын үйін небәрі 10% бастапқы жарнамен және жылдық 7%-дан басталатын мөлшерлемемен рәсімдей алады.

Шина ауыстырып үлгеру керек

«Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке сәйкес, автокөліктер қысқы шиналармен жабдықталуға тиіс.

Астанада ауа температурасы әдетте ерте төмендейтінін ескерсек, шиналарды желтоқсан айына дейін ауыстырып үлгеру маңызды.

Қазақстанда қысқы шиналарды пайдалану ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен реттеледі. Заңға сәйкес, 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін автокөлік қысқы дөңгелектермен жабдықталуға тиіс. Бұл талапты бұзу 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі, бұл 2025 жылы 19 660 теңгені құрайды. Бір жыл ішінде қайталанған құқықбұзушылық үшін айыппұл 20 АЕК болады — яғни 78 640 теңге.

Ақылы тұрақтар әкімдікке өтеді: Жаңа жүйенің жүргізушілерге әсері бар ма?

Астана мен Алматыда жекеменшік ақылы автотұрақтар болмай ма? Енді әкімдіктерге жол бойындағы бос жерлерді жекеменшікақылы автотұрақтарға беруге тыйым салынады. Бұл жүйенің тиімділігі неде және өзгерістің жүргізушілерге қандай әсері бар?

Жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өседі

Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өседі.

Елімізде 4 мыңнан астам дәрігер жетіспейді

Қазақстанда медицина кадрларына деген тапшылық әлі де күрделі болып тұр. Мәжіліс отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев елдегі дәрігерлер мен орта буын мамандарының жетіспеушілігі туралы өзекті статистиканы жариялады.

Алматыға ЛРТ қаншалықты қажет: қаладағы кептелісті шеше ала ма?

Алматыда көліктер саны жыл сайын артып келеді, ал қала құрылысы тығыздалып жатыр. Осының нәтижесінде қаланың көлік мәселесін шешетін негізгі жобалардың бірі – жеңіл рельсті көлік (ЛРТ). Бірақ ол Алматыға шынымен қажет пе және көлік жүктемесін нақты төмендете ала ма?

Парламент үш жылдық бюджетті бекітті

Мәжіліс "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға Сенат ұсынған жаңа редакциямен келісті.