1 қыркүйектен бастап Ресей қант экспортына шектеуді алды: Елімізде өнім бағасы төмендей ме?

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 қыркүйектен бастап Ресейде қант экспортына шектеулер алынғанын айтты. Қазақстандық кәсіпкерлер 14 мың тонна қант сатып алуға келісімшартқа отырған. Демек, алдағы уақытта елімізде бұл өнімге тапшылық мәселесі шешілмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“ЕАЭО аясында одақтас елдермен келісілген теңгерім көлемі 168 мың тоннаны құрайды. Бұл көлемнің жыл соңына дейін аяқталуы ресейлік жеткізуші компанияларға байланысты. Бүгінгі таңда жеткізушілер арасында қыркүйек айында 14 000 тонна қант жеткізу туралы келісім бар”, –  деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы айда қазақстандық кәсіпорындар 30 мың тонна қант өндіреді деп күтілуде. Қазір қоймаларда 32 мың тоннадан астамы бар. Азаматтардың тәтті өнімге деген ай сайынғы қажеттілігі 44 мың тоннаны құрағандықтан мамандар тапшылық болмайтынын айтады. Оның үстіне дүкендерде бұрынғыдай толқу жоқ. Бірақ әлеуметтік қант бәрібір қолға бір келімен сатылуда. Оның құны 480 теңге.

Ал Шымкенттің базарлары мен дүкендерінде баға әртүрлі. Мұнда қанттың бір келісін 560 теңгеге сатып алуға болады. Кейбір аймақтарда 680 теңгеден қымбатырақ. 

“Екі апта бұрын дүкендердегі қантқа талас дүрбелеңі басылды. Бұрын көпшілік оны қап-қабымен алса, қазір тек бір келіден 530-540 теңгеге алуда. Қанттың бағасы да әртүрлі болып отыр. Алматыда жеке дүкендер оның келісін 800 теңгеге сатса, Қарағандыда 540 теңге, Қостанайда 595 теңгені құрайды. Бағалардың алдағы уақытта қандай болатынын ресейлік қант жеткізілгеннен соң белгілі болмақ”, – деді сатушы Жанат Қызжібекова.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.