1 наурыз «Алғыс айту» күні

Алматы қаласы ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай жасақ бастығы әділет капитаны Б.Ж. Жакановтың ұйымдастырумен тағылымы терең, үлгісі өнегелі тәрбиелік мәнді шара өтті.

Ұлтаралық сыйластық қарым-қатынасты бірлікте ұстау мақсатыга орай пайда болған бұл мереке сотталған жасөпірімдерді тәрбиелеу мекемесінде де өз жалғасын тапты. Әр түрлі ұлт өкілдері бар мекемеде татулықта, сыйластықта жылы қарым-қатынас та бар. Шара барсында еліміздің өткен тарихына көз жүгірте отырып,қиын-қыстау кезеңдердегі қазақ халқының кеңпейілдігі, қонақжайлығы, бірлігі туралы айта келе, шын көңілдерімен ризашылықтарын білдіріп жылы лебіздері мен өлең шумақтары төгілді.

Мұндай мағаналы, тәрбиелік мәні зор шара ұрпақ бойына тек жақсы қасиеттер ұялатуы әбден дұрыс,сондықтан да ынтымақтастықты нығайту мақсатында осындай шаралардың жиі өткізілуі мекеменің жастарының басты бөлігі болып саналады. Алғыс айту-ризашылығыңды білдіру. Адам бір-біріне ризашылығын білдіріп,ағынан жарылып жатса-көңілдерінің тазалығы қарым-қатынас жарастығы.

                                                            №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...