1 мамырдан бастап не өзгереді?

2026 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстанда цифрлық активтер нарығын жүйелі реттеу күшіне енеді. Бұл нарықты реттеуді кеңейтіп, жаңа қатысушылар үшін нақты ережелер енгізеді. Енді криптоайырбастау пункттері мен криптобиржалар да бақылауға алынады. Толығырақ – BAQ.KZ тілшісінің материалында.

Цифрлық активтер қызметін көрсететін провайдерлер тек лицензиямен немесе Ұлттық Банкте тіркелгеннен кейін ғана жұмыс істей алады. Олардың қызмет тәртібін дәл осы Ұлттық Банк белгілейді, деп хабарлады қаржы реттеушісі редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Ұлттық Банкте жаңа нормалар цифрлық қаржы активтерін жеке инвестициялық құрал ретінде құқықтық алаңға енгізетінін атап өтті.

Сондай-ақ заңнамалық түзетулер цифрлық қаржы активтері түріндегі жаңа инвестициялық құралдар кластерінің пайда болуын көздейді. Цифрлық қаржы активтеріне ақшамен қамтамасыз етілген стейблкоиндер, токендендірілген нақты активтер және қаржы құралдары жатады.

Цифрлық қаржы активтері нақты активтерді цифрландыруға, олардың өтімділігін арттыруға, бизнеске жаңа құралдар арқылы қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге, транзакциялық шығындарды азайтып, есеп айырысуды жеделдетуге, сондай-ақ таратылған тізілім технологиялары арқылы операциялардың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді», -делінген жауапта.

Цифрлық қаржы активтерімен жұмыс істейтін ұйымдар тек Ұлттық Банкте тіркелген жағдайда ғана қызмет ете алады.

Жаңа түзетулер банктердің цифрлық қаржы активтері саласындағы мүмкіндіктерін де кеңейтеді. Атап айтқанда, банктер өздерінің цифрлық қаржы активтерін шығаруға, оларға инвестиция салуға және тиісті платформалар операторларының капиталына қатысуға құқық алады.

Банктер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес өздерінің цифрлық қаржы активтерін эмиссиялауға, оларға инвестиция салуға, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформалары операторларының және цифрлық активтер сауда алаңдары (криптобиржалар) операторларының капиталына қатысуға құқылы, — делінген жауапта.

Ұлттық Банкте сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескеру үшін шетелдік реттеушілермен белсенді тәжірибе алмасу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл Қазақстанның цифрлық қаржы нарығындағы инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Ұлттық Банк ТМД елдері, Грузия, АҚШ, Австралия, Швейцария және басқа да мемлекеттердің реттеушілерімен белсенді мониторинг және тәжірибе алмасу жүргізіп келеді. Бұл өзара іс-қимыл ұлттық нормативтік базада үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге және Қазақстан юрисдикциясының жаһандық цифрлық қаржы нарығындағы инвестициялық тартымдылығын нығайтуға мүмкіндік береді, — дейді.

Цифрлық теңгеге қатысты Ұлттық Банкте оның цифрлық актив болып табылмайтынын атап өтті.

Цифрлық теңге – бұл ұлттық валютаның үшінші нысаны. Ол қолма-қол ақшаны және банк шоттарындағы қаражатты толықтырады, сондай-ақ цифрлық активтермен операцияларда төлем құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Цифрлық теңгені Ұлттық Банк шығарады және ол оның тікелей міндеттемесі болып табылады, — делінген жауапта.

Бұған дейін Ұлттық Банк антиинфляциялық шаралар аясында теңгенің нығайғанын мәлімдеген еді.

Айыппұлдар кешіріледі: Тұңғыш әкімшілік амнистияға қандай бұзушылықтар ілігеді? 

Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізу ұсынылып отыр.

Құрбан айт: елімізде құрбандыққа шалатын мал бағасы өсті

Қазір ірі қара мал (ІҚМ) үшін 630 мыңнан 945 мың теңгеге дейін, қой үшін - 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін сұралады.

Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.

Әлемде мұнай бағасы төмендеді

АҚШ пен Иранның бейбіт келісімге жақындағаны туралы хабарлар аясында...

Қазақстанға келетін шетелдіктерге жаңа мүмкіндік беріледі: Не өзгереді? 

Визасыз режим, электронды виза және цифрлық көші-қон жүйесі: Қазақстан...