1 қаңтардан бастап ТЖМ қызметкерлерінің жалақысы өседі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомство қызметкерлерінің жалақысы қашан және қаншаға өсетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілгенде қызметкерлер 65 мың теңге алатын. Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі ресми жалақысы шамамен 110 мың теңге», — деп жауап берді министр Үкімет отырысында.

Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10-нан 70 пайызға дейін арттыру қарастырылғанын айтты.

«70 пайыз — бұл қатардағы құрам үшін, қызметті жаңадан бастағандар үшін ең жоғары өсім. 10 пайыз — бұл басшы құрамы үшін, бұл өрт сөндіру қызметінің бастықтары, ТЖ қызметінің бастықтары», — деп түсіндірді Ильин.

Научный журнал ЕНУ вошел в международную базу данных

Научный журнал Turkic Studies Journal, издаваемый Евразийским национальным университетом...

Қазақстан ЮНЕСКО-ның Гаагадағы жаһандық форумында дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

 Қазақстанның форумға алғашқы қатысуы ЮНЕСКО-мен және еуропалық серіктестермен ынтымақтастық...

В Алматинской области обсудили вопросы профилактики и раннего выявления онкологических заболеваний

По инициативе Управления здравоохранения Алматинской области совместно с Фондом...

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері талқыланды

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Түркітілдес журналистер қоры және...

ОНЛАЙН-СЕРВИСТЕР АЗАМАТТАРҒА САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУГЕ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

Мәслихат депутаттарын сайлау барысында сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруіне...