1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер өседі

2026 жылы еңбекке жарамсыздық және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер көбейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет 2025 жылғы 17 желтоқсанда «2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» қаулыны бекітті.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке жарамсыздық және асыраушысынан айырылу жағдайларына арналған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынып отырған төлемдер көлемінен 10 пайызға арттырылады, — деп жазылған құжатта.

Өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Өсім келесі жағдайларға арналған

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік төлемдеріне қатысты:

— еңбекке жарамсыздық

— асыраушысынан айырылу

Маңызды:
— өсім 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған төлемдерге қолданылады
— қайта есептеу ағымдағы төлем мөлшерінен +10% құрайды

Бұл дегеніміз, төлем алушылар қосымша өтініш бермей-ақ 1 қаңтардан бастап төлемдерді көбейген мөлшерде ала бастайды.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылы зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды.

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.