12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мән-жайды айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Жасына байланысты зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі бар адамдарға тағайындалады. Базалық зейнетақы зейнет жасына жеткен барлық тұлғаға төленеді, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70-тен 110 пайызына дейін болады. Жинақтаушы зейнетақы жинақ көлеміне және міндетті зейнетақы жарналары төленген табысқа байланысты», — деп көрсетілген министрліктің Tengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында.

Еңбек министрлігі Әлеуметтік кодекстің 197-бабына сәйкес, жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері жыл сайын тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған мөлшерлерде өсетінін еске салды.

«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алынатын мөлшерден 10 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты өседі», — деп хабарлады министрлік.

Сонымен қатар, министрлік Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдерінің жыл сайын 5 пайызға индекстелетінін еске салды. Бұл өсім елдегі барлық зейнеткерге қатысты болады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен өсіру жалғасып жатыр.

«2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының мөлшері жыл сайын өсті: ең төменгі базалық зейнетақы — ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғарысы — 120 пайызына дейін. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең жоғары мөлшерін 110 пайыздан 118 пайызға дейін (ең төменгі күнкөріс деңгейінен) өсіру жоспарланған», — деп нақтылады министрлік.

«2026 жылға арналған зейнетақы төлемдерін қаржыландыруға арналған шығыс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көзделген, құжат Мәжілісте қаралып жатыр, — деді ведомствода.

Сондай-ақ, министрлік Қазақстанда зейнет жасы ерлер үшін 63, әйелдер үшін 61 жас екенін (2028 жылға дейін) нақтылады.

«Министрлік зейнетақы заңнамасын жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп, жаңа тәсілдерді сарапшылар қауымдастығымен талқылап, халықаралық тәжірибені зерделеп келеді», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.

Президент Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Утильалым өсімі: Көлік бағасы қалай өзгереді?

Қазақстанда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан әкелінетін автокөліктерге утилизациялық алым мөлшерлемелерін 14,6 еседен 38,8 есеге дейін арттыру ұсынылып отыр.

Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының...