№84 балабақшада Республика күніне орай іс шара өткізілді

Алматы қаласы алатау ауданына қарасты №84 бөбекжай балабақшасында ұлттық мереке Республика күніне орай арнайы іс шара өткізілді.

Аталмыш шара 25 қазан Республика күніне орай «Қазақстан-менің Отаным» тақырыбында балабақша педагогтарының орындауындағы патриоттық әнмен басталды.

Балалар да бірі Отан туралы ән айтып, келесі біреулері ертеңге мерекеге орай тақпақ айтып шараны жандандыра түсті. Шараның басты мақсаты былтыр ғана қайта оралған атаулы күннің маңызын балаларға ұқтыру болатын.

Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол — Ұлт күні, Қазақ күні! деп мәнерлеп өлең оқыған балалар санасында бұл күн туралы түсінік қалыптасқаны анық.

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа...

Республика күні: Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру

Абай облысы бойынша №21 мекемеде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі...

Республика күніне орай сотталғандар арасында мерекелік іс-шаралар өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...