№79 мекемесі жанындағы колледж студенттерінің арасында «Күз ханшайымы — 2023» фестивалі өтті

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті №79 мекемесі жанындағы колледж студенттерінің арасында » Күз ханшайымы — 2023″ фестивалі өткізілді.

Шараның мақсаты: студенттердің ортада өзін ашық ұстауға және өз өнерін ортада көрсете білуге, әртістік қабілетін дамытуға, еңбексүйгіштікке баулу, ауызбіршілікке бейімдеу. Фестиваль бірнеше кезеңдерден тұрды: Таныстыру, «Өнерің өрге жүзсін», «Сән үлгісі», Көрме. Үздік сурет немесе «Икебана».

Берілген кезеңдер бойынша қатысушылар ортада бақ сынады. Бірінің өнері бірінен асып түседі, біреуі мың бұралған биімен ерекшеленсе, енді бірі әдемі әуенімен, таңқаларлық керемет қол өнермен, енді бірі әдемі сән үлгісімен ерекшелене білді. Фестиваль соңында қазылар алқасының және көрермендердің қолдауымен бас жүлдені «Тігінші» орыс тобы, 1 орын «Тігінші» қазақ тобы, 2-орын «Аспазшы» қазақ тобы, 3 орын «Шаштараз» орыс тобының студенттері иеленді. Қалған топ студенттері арнайы алғыс хатпен марапатталды. Кеш соңында қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

«Е-қызмет» – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндігі

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі ашық...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

       Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап,...

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...