Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79 мекемесінде заң тобының заң кеңесшісі, СЕҰ тобы және қаржымен қамтамасыз ету қызметімен бірлесіп 2023жылдың 2-ші тоқсанында арналған жұмыс жоспарына сай, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2010 жылғы 2 сәуірдегі №216 талаптарын талқылау мақсатында №79 мекемесінің сотталғандар арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға Атырау облысы Әділет Департаменті,Атырау қаласы сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі,Атырау облысы жеке сот орындаушы өңірлік палатасы,Атырау облысының прокуратурасының басқарма прокуроры, Атырау облысының Нотариаттық палатасының нотариусы, №79 мекемесінің қаржымен еңбекті нормалау экономисті, мекеменің СЕҰТ аға инспекторы және заң тобының заң кеңесшісі қатысты.Жиналыс барысында, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы»Қазақстан РеспубликасыныңЗаңын талаптарын талқыланды.Сотталғандар өздеріне керек атқару парақтары бойынша сұрақтарын қойып келген мамандардан нақты жауаптарын алды.


