№68 мекемесінде тоғыз айлық қорытынды өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың қатысуымен мекемеде үшінші тоқсанның қорытындысы өтті. Жедел кеңеске мекеме басшылары мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Жедел кеңесті ашқан әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы   ІІМ Алқа отырысында қойылған негізгі талаптар мен тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізді.

Жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Әмірбек Азамат Темірбекұлы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында №68 мекемесіндегі сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды өткізу дерегі, тінту жұмыстары және жазасын өтеушілермен өткізілген тәрбиелік шаралар, түзеу мекемесінен босатылған, жаза мерзімі қысқартылған сотталғандар туралы айтып өтті. Сондай-ақ департаменттің жеке құрамы арасындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі, атқарылған жұмыстары мен ҚАЖ имиджін арттыру бағытында БАҚ беттеріне жарияланған ақпараттар жөнінде баяндады.

Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығының орынбасары№68  мекемесінде алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізу, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың жолын кесу бойынша жұмысты жандандыруды және олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізуді, тапсырды. Қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқаруды және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында жүйелі жұмыстардың жүргізілуіне нақты тапсырмалар берді.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...