№60 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші азаматтың анасы мекеме қызметкерлеріне өз алғысын білдірді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші азаматтың анасы мекеме қызметкерлеріне өз алғысын білдірді
Мекемеде жазасын өтеп жатқан баласымен кездесу үшін қарт ана 10 жылдан бері ешқандай ауа райына да, арақашықтыққа да қарамастан Шымкент қаласынан келеді. Айтуынша, баласының жағдайы жақсы. Денсаулығы да мекеменің медициналық қызметкерлері тарапынан бақылануда. Мекеменің өндірістік аймағында жұмыс жасап, тапқан табысын анасына жіберіп отырған баласымен тезірек қауышу анасының басты тілегі.
«Бұл мекемеге баламмен кездесу үшін келіп жүргеніме 10 жылға жуық уақыт болды. Өзім Шымкент қаласының тұрғынымын. Қазір қысқа мерзімді кездесу кіргелі отырмын. Әр келгенімде мекеме қызметкерлері жылы жүзбен қарсы алып, су – шайын ұсынады. Кей – кезде жүгім ауыр болса, тасуға көмек беріп, жылы шыраймен шығарып салады. Арнайы бөлім, жедел мен режим бөлімінің қызметкерлерінің көмегіне жүгінген кездерімде, сауалыма тезірек шешімін тауып берді. Балам жаза басса да, осындай жақсы қызметкерлердің арасында түзу жолға келіп жатқанына қуаныштымын», — деді сотталғанның анасы.
Жаза мерзімін өтеу барысында баласының да, анасының да ешқандай арыз шағымы жоқтығын айтып, мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді.


Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...