№57 мекемеде тыйым салынған заттары бар жасырын орын анықталды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №57 мекемеде режимдік аумаққа тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді.

Жедел ақпарат негізінде жедел бөлім қызметкерлері Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бірлесіп, мекеме аумағына материал жеткізу үшін кірген автокөлікке тексеру жүргізді.

Тексеру барысында көліктің қосалқы дөңгелегінен жасырын орын анықталып, тыйым салынған заттар табылды.

Тексеру нәтижесінде 3 дана ұялы телефон, 5 дана USB-кабель және 3 дана USB-адаптер тәркіленді.

Тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті режимдік мекемелер аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз алып кіру заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...