«№48 мекеменің» 26 сотталғаны үшін соңғы қоңырау соғылды

№ 48 мекемеде кешкі жалпы білім беретін мектепті бітіргені туралы аттестаттарды табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтті.  11-сыныпты бітіргені туралы аттестатты 24 сотталған және 9-сыныпты 2 сотталған алған.

Кешкі мектеп түлектеріне мектеп директоры Ж.Е.Құсайынов, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Н.С.Рахимжанов және сынып жетекшісі Н.Ю.Максимов құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты шара аясында мекеме әкімшілігі мектеп директоры Ж. Е. Құсайыновқа түзеу мекемесінің өміріне белсенді қатысқаны және сотталғандар арасындағы әлеуметтік-адамгершілік мінез-құлық тәрбиелегені үшін алғыс хат табыс етті.

Іс-шараның салтанатты бөлігі аяқталғаннан кейін сотталғандар көркемөнерпаздар концертін өткізіп, мектеп жылдарына арналған өлеңдер оқып, әндер орындады.

Мектеп директоры 30 жасқа толған тұлғалар ғана емес, сондай-ақ орта білімі жоқ адамдар да орта білім алу мүмкіндігін жоғалтпауы керек екенін атап өтті, себебі қазіргі заманда ғылым, техника, экономика және т.б. салалар қарқынды дамып келеді.

Мереке соңында мектеп түлектері педагогикалық құрамға үлкен алғыстарын білдіріп, осындай қиын кәсіпте табыс пен денсаулық тіледі.

Негізгі орта білім алу туралы растайтын құжаттары жоқ сотталғандарға мекеме әкімшілігі жалпы білім беретін мектептің оқытушыларымен бірлесіп, білім басқармасы органдарына сұрау жібереді.

 «№ 48 мекеме» РММ

СТжӘПЖБ бастығы

әділет майоры                                                                                М.А.Мурсалимов

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...