№48 мекемеде СҚО әкімі орынбасарының төрағалығымен кеңес өткізілді

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің №48 мекемесінің базасында облыс әкімінің орынбасары Сатжан Аблалиевтің төрағалығымен үйлестіру кеңесі өтті, оның барысында сотталғандарды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілер мен «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалы ұсынатын тауарлар мен жұмыстар көлемін ұлғайтуға қолдау көрсету мақсатында ҚАЖ мекемелерінде жаңа кәсіпорындарды ашу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту мәселелері қаралды.
Кеңеске Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының екінші басқармасының бастығы Александр Трикачев, СҚО әкімдігі басқармаларының, Департамент пен мекемелердің басшылары, сондай-ақ облыстың ЖК және ЖШС өкілдері қатысты.

Кездесу аясында шақырылған қонақтарға сотталғандар жасаған бұйымдар көрсетіліп, мекеменің өндірістік аумағымен таныстырылды. Қазіргі уақытта облыс мекемелерінде өз қызметін 16 ЖК және 5 ЖШС келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады: күнбағыс майын, ат әбзелінен, ағаш және былғары бұйымдарын, металл конструкцияларын, монша бұйымдарын, голицалар мен жаңбыр жамылғыларын, жұмсақ ойыншықтарды, тротуар плиталарынан дайындау, жұмсақ жиһаз жинау, ашытылған сүт өнімдерін қайта өңдеу, арнайы техникаға қызмет көрсету және жөндеу, құрылыс қоспаларын өндіру, макулатураны қайта сұрыптау, автошеберхана, тігін өндірісі және жылыжайлар. Облыс бойынша жұмысқа орналастырылған сотталғандардың жалпы саны 531 құрайды.

Кеңес барысында Департамент бастығы Әділет Мұстафинов сотталғандарды жұмысқа орналастыру стратегиясын әзірлеу және олардың босатылғаннан кейін қоғамға сәтті қайта оралуды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті кәсіпорындармен және ұйымдармен ынтымақтастықтың, сондай-ақ қайталанба қылмыстарды алдын-алуда сотталғандарды әлеуметтік бейімдеуде психологиялық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Тілек білдірген қонақтар әкімдік және СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің өкілдерімен мекемелер аумағында жаңа өндірістер ашуға қатысты қызықтырған және проблемалық мәселелерді тікелей талқылауға мүмкіндік алды.

Кеңес соңында әкім орынбасары сотталғандарды табысты оңалтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен жұртшылық арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл Солтүстік Қазақстан облысы мекемелерінің оңалту жүйесін дамыту бағытындағы маңызды қадам болып табылады.

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...

НАСЛЕДИЕ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

Какими должны быть современные подходы к патриотическому воспитанию молодежи...

СОКРАТИТЬ ДЕФИЦИТ КАДРОВ

В КАЗАХСТАНЕ МОДЕРНИЗИРУЕТСЯ ПРОГРАММА ДОБРОВОЛЬНОГО ПЕРЕСЕЛЕНИЯ ГРАЖДАН В РЕГИОНЫ,...