№37 мекемесінің қызметкерлері қарт әжеге көмектесті

Бүгін наурызнама бойынша қайырымдылық күні. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, жанашырлық таныту,көмек беру, жақсылық жасаудан тұрады.

Игі іс жасауды дәстүрге айналдырған Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінің қызметкерлері Қызылорда қаласының тұрғыны алтын алқа иегері Кәден әженің ауласын тазалап,ретке келтіріп берді.
Қарт әже мекеме қызметкерлеріне ақ батасын беріп, жасаған қолғабыстары үшін алғысын білдірді. Қазақ- қариясын құрметтеп, сыйлаған халық. Жастық шақтарын ел мен жердің гүлденуіне арнап, маңдай терлерін төккен ардақты аталар мен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсету – біздің басты парызы деп білеміз. Бүгін мекеменің қызметкерлері әжемізге көмек көрсетіп, батасын алдық. Қазыналы қарияларымызға көмек көрсету жалғасын табатын болады, — деді әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов.

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...