№37 мекемесінде жазасын өтеушілердің «Ақ сұңқар» кешені арқылы психологиялық тексеруден өтті.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілердің «Ақ сұңқар» кешені арқылы психологиялық тексеруден өтті. Шараны мекеменің психолог маманы Ақгүл Аманова және Әлеуметтік бейімдеу орталығының психологы Зарина жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты — сотталған азаматтардың психологиялық көңіл-күйін, болашаққа деген көзқарасын және өмірге деген ынтасын анықтау. Психологиялық тексеру барысында арнайы ноутбуктер арқылы түрлі-түсті түстерді таңдап, суреттер арқылы психологиялық диагностикадан өтті. Тест барысында бейнеленген суреттер негізінде бірнеше сұрақтарға жауап беріліп, нәтижесінде сотталған азаматтардың эмоционалдық жағдайы мен болашаққа деген көзқарасы сарапталды. — Мекемеге жазасын өтеуге жіберілген әрбір сотталған азаматтың психологиялық жағдайын жеке қарастырып, қажетті қолдау көрсетеміз. Өмірден түңілген немесе қиындыққа душар болған азаматтармен жеке қабылдаулар жүргізіп, олардың мәселелерін тыңдап, өмірге деген құлшыныстарын арттыруға көмектесеміз.Олардың өмірге деген жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін әртүрлі тренингтер, психологиялық тесттер және ойындар ұйымдастырамыз. Бұл шаралар сотталғандар әлеуметтік өмірге қайта бейімделуіне септігі мол,-дейді психолог Ақгүл Аманова.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...