№37 мекемесінде жазасын өтеушілерге арналған мерекелік шара өтті

25 қазан- Республика күніне орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесінде жазасын өтеушілерге арналған мерекелік шара өтті. Мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Қанат Дайрабаев жазасын өтеушілерді мерекемен құттықтап, ұлттық мерекенің мәні мен маңыздылығына тоқталып өтті.Мерекелік шарада Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің өнерпаз қызметкерлері мекемедегі жазасын өтеушiлерге әсем әндерімен көтеріңкі көңіл- күй сыйлады.

Түзеу мекемесіндегі тәрбие бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, мұндай іс- шаралар түзеу мекемелеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағытының бiрi. Яғни, аталған іс- шаралар мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандардың түзелуіне, мәдени деңгейін арттыруға бағытталған.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...