№21 мекемесінде Кітап күні: ардагерлермен кездесу – ұрпақтар сабақтастығы

2025 жылдың 23 сәуірі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтті. Бұл бастама – оқуға деген құрметті арттыру, кітап мәдениетін дәріптеу және рухани құндылықтарды жаңғырту жолындағы маңызды қадам.

Осы айтулы күн аясында №21 мекемесінің қызметкерлері тыл еңбеккерлері мен ардагерлерге арнайы барып, Ұлы Жеңіске қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, мерекемен құттықтады.

Қызметкерлер ардагерлерге естелік сыйлықтар мен кітаптар тарту етті – бұл ұрпақтар арасындағы рухани байланыстың белгісі әрі үлкендерге деген құрметтің көрінісі. Ардагерлер өз тарапынан соғыс пен бейбіт күндердің естеліктерімен бөлісіп, кітаптың сол қиын жылдарда рух беріп, үміт сыйлағанын тебірене әңгімеледі.

Мұндай кездесулер – патриоттық тәрбие мен тарихи жадыны жаңғыртудың маңызды тетігі. Қызметкерлер тарихпен бетпе-бет келіп, үлкендердің өмірлік тәжірибесінен үлгі алды, жүректерге жылы естеліктермен оралды.

Кітап – өткен мен болашақты жалғайтын алтын көпір. Биылғы Ұлттық кітап күні соның тағы бір жарқын дәлел болды!

Тіл – ұлттың жаны мен діңгегі

Ана тілі – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл...

Сот актілерін орындаудың құқықтық негіздері

Сот актілерін орындау – құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі....

АПОСТИЛЬ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ СОТ ТӘЖІРИБЕСІ

Қазіргі таңда азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы немесе...

Сот мұрағаты

Сот жүйесіндегі мұрағат — бұл жай ғана ескі қағаздар...

Дауды медиация тәртібімен реттеу

Қазіргі таңда дауларды сотқа дейін және сот барысында баламалы...