№20 мекемеде мекеме психологтары сотталғандармен ойын терапиясын өткізді

Ересектерге арналған ойын терапиясы – күйзелісті азайтуға, психологиялық жарақаттарды өңдеуге, эмоциялық интеллект пен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған психотерапиялық әдіс. Ойындар адамның көңілін басқа арнаға бұрып, бұлшықет және эмоциялық шиеленісті азайтуға, қорқынышты жеңуге көмектеседі.

Ойын терапиясы – дәстүрлі әңгімелесу терапиясының орнына ойын қолданылатын терапия түрі.

– Ойын адамның миына қалай әсер етеді? Психологтардың айтуынша: «Ойын біздің миымызды мақсатқа бағытталған ойлаудан босатып, бізге еркін әрі шығармашылық күйге енуге мүмкіндік береді».

№20 мекемеде мекеме психологтары сотталғандармен ойын терапиясын өткізді. Зерттеулер көрсеткендей, ойын түріндегі іс-шаралармен тұрақты айналысатын сотталғандар күйзелістің төмен деңгейін, мәселелерді шешу дағдыларының жақсарғанын және қарым-қатынастың нығайғанын байқатады.

Психолог-инспектор Н.А. Шакаримова атап өткендей: «Қазіргі психологтар ойын терапиясын қосымша әдіс ретінде қолданады. Бұл ересек адамның психикасына тиімді әсер етуге мүмкіндік береді. Адамға ересек өмірдегі мінез-құлық шарттарынан уақытша алыстап, біраз уақыт өзін бала күйінде сезінуге жағдай жасайды».

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...