№2 мекемеге медиатор келді

Қақтығыстарды шешу және сотталғандардың әлеуметтік бейімделуін қолдау мақсатында №2 мекемеге кәсіби медиатор келді. Кездесу барысында медиатор сотталғандармен және мекеме қызметкерлерімен әңгімелесіп, медиацияның мүмкіндіктері мен татуласу рәсімдерінің маңыздылығы туралы айтты.

Іс-шара аясында сотталғандарға жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің әдістері түсіндірілді. Сонымен қатар, медиатор жеке сұхбаттар өткізіп, қатысушыларға құқықтық және психологиялық қолдау көрсетті. Бұл кездесу түзеу мекемесіндегі оң әлеуметтік-эмоционалдық ахуалды нығайтуға бағытталған.

№2 мекеме әкімшілігі осындай іс-шаралардың сотталғандардың құқықтық сауатын арттырып, қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ететінін атап өтті.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...