№2 мекеме инспекторларының «Ақниет» қоғамдық қорындағы теологтармен теологиялық оңалту жұмысы бойынша арнайы дайындығы

Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың діни радикалдану мәселесі, сондай-ақ оның алдын алу мәселелері Президент әкімшілігінің, Үкіметтің, Ішкі Істер Министрлігінің және де басқа да қадағалаушы органдардың ерекше бақылауында. Осыған байланысты түзеу мекемелеріндегі сотталғандар арасында деструктивті діни ағымдар идеяларының енуіне және таралуына жол бермеу үшін жұмысты күшейту қажет.


Осыған орай, Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен «Ақниет» ақпараттық-насихаттық оңалту орталығы» қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осы меморандумға сәйкес, 2023 жылдың 4 мамырында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесінің теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторлары «Ақниет» ақпараттық-насихаттық оңалту орталығы» қоғамдық қорында болды. Онда теолог мамандарымен тәжірибе алмасты, сонымен қатар олармен дәрістер оқылды. Оқу аяқталғаннан кейін мекеме инспекторларына «Салафизм идеологиясы, Таблиғи жамағат және оның тұжырымдамалары» тақырыптары бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.


«Қазіргі уақытта мекемеде 500-ден астам сотталған жазасын өтеуде, оның ішінде 115 сотталған діни рәсімді орындайды. Осы сотталғандармен жұмыс жасау кезінде, олардың ой-пікірлері мен сезімдерін иман келтірудің дәстүрлі бағытына бағыттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру әңгімелерін өткізу өте маңызды» -дейді сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Саят Икрамхан.

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...