№11 мекемесінде сотталғандар арасында діни сауаттылықты артыру мақсатында дәріс өткізді

Алматы қаласы ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде сотталғандар арасында діни сауаттылықты артыру мақсатында дәріс өткізді. Кездесу барысында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту» орталығының теолог маманы Такиров Қанатали Бақытұлы жазасын өтеуші жасөспірімдермен  дәріс өткізді.

Жазасын өтеуші жасөспірмдерге деструктивті діни ағымдардың айрықша белгілері, экстремистік идеяларды тарату әдістері, ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы, оның ішінде діни рәсімдерді өткізу нұсқаулығы өткізілді. Сарапшы конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін құқықтық сананы, отбасы мен қоғамдағы толерантты дәстүрлерді бекітуді қоса алғанда, халықтың жалпы мәдениеті мен білімін көтерудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар «Ислам және зайырлы қоғам» деген тақырыпта дәріс өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бұл іс-шара тиісті жоғары деңгейде өтті, қатысушылар пайдалы дұрыс ақпарат арнайы мамандардан алды. Осындай іс-шараның өту мақсаты: іс-шаралар жазасын өтеп жатқан жасөспірімдердің діни сауатын арттырып, теріс ағымдардан сақтандыруға бағытталған.

                                                            №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы...

Қордай аудандық пробация қызмет рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Қордай аудандық пробация қызметі, ағымдағы...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу – қоғам талабы

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басым...