12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

№11 мекемесінде қызмет етіп жүрген азамат — Мустафаев Анар Мехти-оглы

Қазақстан-көп ұлтты ел. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып, өз тілінде сөйлеп, атадан балаға мұра болып қалған салт-дәстүрін сақтауға рұқсат берген. Қазақ топырағында кіндік қаны тамып, қазақы ортада өсіп-өнген қазақтай елдің дархандығын мен қонақжайлығын көрген өзге ұлт өкілідері қазақша мақалдап сөйлеп, өлеңдерді жатқа оқып, тек қазақ тілінде сөйлеп жүрген өзге ұлттар саусақпен санарлық соның бірі-Мустафаев Анар Мехти-оглы

«Ел басына күн туса, етігімен су кешер» батыр ұлдармыз баршылық. Қай салада болмасын, өз ерік-жігері мен халыққа қызмет етуде сарп етіп жүрген Отан қорғаушы ұлдармызға сенім мол. Құқық қорғау саласында заң мен тәртіп, ережелерін сақтап, тыныштықты кірпік қақпай күзетіп жүрген азаматтарымыз бар екенін мақтан ете аламыз, өзге ұлт болсада ана тілін қадірлей білген тіл жанашыры туралы айтпақпыз.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінде   қызмет  етіп жүрген азамат туралы болмақ. Мустафаев Анар Мехти-оглы 22.10.1986 жылы Грузия мемлекеті, Дманинский ауданында дүниеге келген, ұлты әзірбайжан, әкесі әзірбайжан анасы-қазақ Қызылорда қаласының тумасы. Алматы қаласында 2008 Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының заңтану мамандығын және магистратурасын бітірген.Мустафаев Анар Мехти-оглы қазақ тілінде білім алып, қазақ тілін еркін меңгерген. Талай жарыстарға қатысып, топ жарды. Алғашқы қызметін 2011-2015 жылы Алматы облысы бойынша ЛА-155/18 мекемесінде, режим және күзет бөлімінің бақылаушысы болып бастады. Еңбек жолын өз таңдауымен қылмыстық атқару жүйесінен бастаған қызметіне үлкен жауапкершілікпен атқара білді.

 2015-2017ж. аралығында ЛА-155/8  тәрбие бөлімде тәрбиеші маман болып қызмет атқарды. Кейінен 2017-2020ж. ЛА-155/6 тәрбие бөлімде, тәрбиеші маман және теолог маман болып  қызмет атқарды. 2020-2024ж. №11 мекемесінде Режим және күзет бөлімінің, мекеме бастығының кезекші көмекшісі, қазіргі күні әділет майоры шенінде қызмет етуде.Өз бөліміндегі қызметкерлердің жинақы, нақты жұмыс атқаруына ерекше көңіл бөледі. Сол себепті де, бүкіл ұжым алдында беделді 13-жылдан астам еңбектік тәжірбиесі бар қызметкер, мекемеге жаңадан келген тыңдаушыларға тәлімгер өз тәжірбиесін бөліседі, оларға көмек көрсетеді. Тәжірбиелі маман темірдей тәртіпке төселген әділет майоры мінсіз еңбегі үшін,

Қазақстан полициясының 30-жылдық мерекесінде ҚР «Полиция» кеуде белгісі медалімен марапатталған, басқада бірқатар наградалармен мараппатталды.

Бүгінгі таңда осындай тәжірбиелі маман қылмыстық-атқару жүйесінде өмірден көрген түйгені мол, жасы үлкен майталман мамандар жастарға дұрыс бағыт беріп еңбек тәжірбиесімен бөлісіп, жол көрсететін қызметкер бар екені қуантады. Мустафаев Анар Мехти-оглы Абай атамыз айтқандай, адамға керегі үш ақ нәрсе: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат. Осы үш қасиетбойынан табылады, ғибратты ғұмры кімге болса да үлгі-өнеге. Үлгілі отбасы  2-баланың әкесі бүгінгі күні бір қыз бір ұлды  тәрбиелеп отыр.

Балалары қазқа тілінде еркін сөйлейді. Анар Мехти-оглы отбасында қазақи салт-дәстүрді ұстап балаларын да қазақи тәрбие берген жөн деп санайды.  Осындай үлгілі отбасы арқашан барша жастарға өзге ұлттарға қазақ тілін дәріптеп жүргені мақтанарлық. Қарапайым бақылаушыдан,мекеме бастығының кезекші көмекшісне дейін қызметінде өсуі де еңбекқорлығының арқасы, өзінен кейінгі жастарға үлгі!

                                                №11 мекемесі Еркегүл Жеңісхан

КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

3 мамырда Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні...

Сотрудники-наставники акмолинского ДУИС организовали работу по патриотическому воспитанию молодежи

Патриотическое воспитание подрастающего поколения, молодежи - актуально на всех...

Сотрудники акмолинского ДУИС посетили соседнюю область, в рамках профориентационной работы

Сельские школы Еленовки, Шалкара и Лобаново Северо-Казахстанской области посетили...

Ақын Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев жазалы балалармен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

В кабинете НВП школы сотрудники УИС открыли кадетский уголок

В начальной школе им. Алтынбике Бертаевой села Достык Енбекшиказахского...