№11 мекемесінде кәмелетке  толмаған жазасын өтеуші сотталғандар арасында «Жаңа жылға» арналған  мерекелік іс-шара өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты, №11 мекемесінде кәмелетке  толмаған жазасын өтеуші сотталғандар арасында «Жаңа жылға» арналған  мерекелік іс-шара өтті. ҚР Премер-Министрінің 13.09.2023ж. өкімімен бекітілген 2023-2025 жылдарға арналған қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың жол картасын іске асыру аясында өтті. Мекеме бастығы әділет подполковнигі Толубаев Мирас Андреевич құттықтау сөз кезегімен бастап барлық қызметкерлерге, жазалы жасөспірмдерге жаңа жылда жаңа бақыт табыстар тіледі.

Концерттік бағдарламаның басты қонағы Қазақ мелекеттік цирк әртістерінің дайындаған әртүрлі қызықты қойлымдарымен басталып, жасөспірімдерге қызықты ойындар ойнатып, флешмоб би және жаңа жылдық жақсы көңіл күймен жалғасып, әртістердің қойлымы өте қызықты көңілді өтті.

Меркенің соңында, келген қонақтар-Жетісу ауданының прокуроры, Жетісу аудан әкімінің орынбасары,Алматы қалалық адвокаттар алқасы, ҚР Қызыл жарты ай қоғамдық қор өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, сыйлықтарын жасөспірімдерге үлестірді.

Осы меркеге ат салысып көмектескен қонақтарға, мекемедегі тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна келген қонақтарға зор алғысын білдіріп, мекеме бастығының атынан алғыс хаттар ұсынды. Болашақта да осындай ауқымды мерекелер жалғасын табатынын айта кетті.

                                            №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан 

Запускается республиканский IT Quest

В Год цифровизации и искусственного интеллекта в Казахстане стартует...

Республикалық IT Quest квесті іске қосылады

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда технологиялар, ЖИ...

В женской колонии области Абай проведён тренинг «Сила в единстве»

В женской колонии УИС по области Абай для сотрудников...

Заң мен тәртіп – мемлекеттіліктің берік іргетасы

Кез келген өркениетті қоғамның өміршеңдігі мен тұрақтылығы оның құқықтық...

Адам саулығы жолындағы адал еңбек

Медицина - тек мамандық емес, ол үлкен жауапкершілік пен...